Облыстық әйелдер кеңесі сайлауда Сыр бойынан шыққан аналар мен әйелдерді қолдауға шақырды

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада облыстық әйелдер кеңесі өзінің кезекті отырысын өткізіп, онда алда болғалы тұрған сайлау мәселесін қарады.
None
None

Басқосуда кеңес мүшелері Пар­ла­мент Мәжілісі мен облыстық мәс­лихат сайлауы қарсаңында сай­лаушыларға депутаттыққа кандидат Сыр қыздары мен аналарына дауыс беруге шақырып, үндеу қабылдады. Үндеуде 2007 жылы сайланған мәсли­хаттар құрамында әйел депутаттардың өте аз болғаны, таяуда таратылған Пар­ламент Мәжілісінде сырбойылық нәзік жандылардың тіпті болмағаны айтыл­ған. Әйелдердің ел басқару және шешімдер қабылдау үдерісіне ара­ласуы әлде де төменгі деңгейде. Қазақстан­дық қоғамда әйелдердің орындау­шылығы, ұқыптылығы жоғары бағала­нады. «Егер Сіз ана мен бала пробле­маларының дұрыс шешілуін қаласа­ңыз, әлеуметтік мәселелеріңізге қолдау тапқыңыз келсе, өлкеміздің мәдениеті мен білім беру саласына жанашыр іздесеңіз, тұрмысы төмен отбасы, жұмыссыз жас жағдайын ойлайтын азаматты депутаттар қатарынан көргі­ңіз келсе, облыстық әйелдер кеңесі депутаттыққа кандидат Сыр қыздары мен аналарына дауыс беруге шақыра­ды. Қателеспейсіз. Шешіміңіздің дұрыстығын уақыт дәлелдейді», - делін­ген аталмыш үндеуде.

Соңғы жаңалықтар