Облыстық балалар ауруханасында хирургиялық орталық ашылмақ - БҚО

ОРАЛ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы жанынан ба­лаларға арналған амбулаторлық хи­рургия орталығын ашу жоспарлануд­а.
None
None

Мақсат балаларға амбулатор­лы­қ-емханалық деңгейде медицина­лы­қ кө­мек көрсету сапасын, сондай-ақ алдын алу, диагностикалау, емдеу және оңалту бойынша қазіргі заманғы ре­сурс­тарды сақтайтын медициналық тех­нологияларды кеңінен енгізу арқылы аурухана қызметінің экономика­лық тиімділігін арттыру болып табылады.

Аурухана директоры Арман Қалыбековтің айтуынша, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған көп бейінді облыстық балалар ауруханасының жаңа ғимаратында барлық жағдай бар. Бұрынғы екі облыстық балалар ауруханасының ғимараттары санитарлық ережелерге сәйкес келмейтін. Қосымша оңалту және емдік дене шынықтыру бөлмелері, ата-ананың баламен бірге болу мүмкіндігі жоқтығы толық көлемде медициналық көмек алуға кедергі болған еді.

«Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК пайдалануға берілгеннен кейін, тиімді халықаралық стандарттарды енгізу есебінен балалар сапалы әрі қауіпсіз медициналық қызметтер алу құқығына ие болды. Емделушілерге бір жерден әр түрлі медициналық көмек алуға мүмкіндік туды, сонымен қоса үздік педиатр мамандар бір емдеу мекемесіне жинақталды. Жоғары сапалы медициналық жабдықтардың алынуы, екі аурухананың бірігуі арқасында емдеу мекемесінің әлеуеті арта түсті. Бүгінде аурухана облыстағы медицина ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультативтік көмек көрсетуде.

Жаңадан құрылған балалар ауруханасында ішкі аудит және тәуелсіз сараптау қызметтерінің дамуы жалғасуда. Бұл өз кезегінде сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Кәсіпорынды басқару, сонымен қатар кадрлық және материалдық ресурстарды дамыту жүйесі жақсара түсті. Соңғы нәтижеге бағытталған медицина қызметкерлеріне сараланған еңбекақы жүйесін енгізу мүмкіндігі туындады, сондай-ақ мемлекеттік бюджет мүмкіндіктерін пайдалану тиімділігі артты.

Қазіргі таңда аурухана 220 кереуеттен тұрады. Сонымен қатар күндізгі стационар мен балаларға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсететін 45 кереуеттік консультативтік емхана жұмыс істейді. Тоғыз кереуеттік жансақтау бөлімшесінде нәрестелерге жоғары сапалы көмек көрсетіледі. Мұнда емделушілер әрдайым бақылауда болады. Ауруханада қазіргі заманғы рентген, жоғары сапалы ультрадыбыстық зерттеу аппараттары, миды зерттеуге арналған аппараттар, ФГДС, бронхоскоп, ота жасауға арналған эндобейнехирургиялық аппараттар жұмыс істейді. Әрі дәрігерлер өз елімізде, сонымен қатар шетелдерде білім-біліктерін жетілдіріп, жаңа медициналық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді меңгере түсуде.

Балаларға арналған облыс­тық емхана соматика­лық (педиатрия, кардиология, неврология, пульмоно­логия) және хирургиялық (хирур­ги­я, травматология, ортопедия, уро­ло­ги­я) мамандықтар бойынша қабыл­дау жүргізеді. Клиникалық-диаг­нос­тикалық зертхана толықтай авто­мат­тандырылған, бұл зерттеу нәтижесін қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді. Емдеу тегін жүргізіледі және медициналық көмектің кепілді көлеміне енеді.

Соңғы жаңалықтар