11:06, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Облыстық бюджетке шағын кәсіпкерліктен 645 миллион теңге түсті
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысында шағын және орта бизнес нысандары салық және басқа да төлемдер бойынша мемлекет қазынасына ағымдағы жылдың қаңтар айында 645 миллион теңге аударған, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға жоғары,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сілтеме жасап.Бүгінгі таңда кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтар саны 22,9 мың адамға жетіп, олар 6,2 мың кәсіпкерлік нысанда жұмысқа тартылған. Олардың қатары өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 5,3 пайызға өскен. Ағымдағы жылдың қаңтар айында шағын және орта бизнес нысандарында 3,9 миллиард теңгегенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілген. Қазіргі кезде кәсіпкерлік нысандар қатары көлік пен тұрмыстық техникаларға жөндеу қызметін көрсету ісінде-26,1 пайызды, құрылыста-20,7 пайыз, ауыл шаруашылығында-19,3 пайыз, жылжымайтын мүлікпен қызмет көрсетуде-13,1 пайызды құрайды. Өңірдегі белсенді кәсіпорындардың 49,6 пайызы Көкшетау қаласында, 10 пайызы Степногорда, 8 пайызы Щучье ауданында тіркелген.