08:50, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Облыстық ІІД мен статистика департаментінің бірлескен мәжілісінде халық санағына дайындық барысы қаралды
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Облыстық ішкі істер департаменті мен облыстық статистика департаментінің бірлескен мәжіліс болып өтті.

Онда халық санағына дайындық барысы мен оны ұйымшылдықпен өткізудің бірлескен іс-жоспарына сай бірқатар мәселелерге көңіл аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Статистика департаментінің бастығы Бақыт Сапардың айтуынша, маңызды науқан кезінде санақшылар өздігінен бара алмайтын мекен-жайлар мен еңбекпен түзеу орындары секілді аймақтарға ішкі істер қызметкерлерінің көмегі қажет-ақ. Сондай-ақ ауласы атшаптырым, биік қоршаумен қоршалып, қабаған ит ұстайтын жеке қожалықтарға кіру де қиындық туғызуы мүмкін. Осындай сәттерде бірлесе жұмыс істеу жұмыс өз нәтижесін берері анық. Мәжіліске қатысушылар саяси маңызы бар істі ұйымшылдықпен өткізу жолдарын талқылады.