Облыстық қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымы Алматы қалалық тергеу абақтысында болды

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат – /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін облыстық қоғамдық бақылау комиссиясының (ОБК) төрайымы Ардақ Жанәбілова Алматы қалалық тергеу абақтысында болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мекеменің заңгері Гауһар Асқарованың айтуынша, тәртіптік нысанды жоспарлы аралап көру 2009 жылға арналған Қылмыстық-атқару жүйесі мен қоғамдық бақылау комиссиясының арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандум ауқымында жүзеге асырылып отыр. Сапар мақсаты Алматы қаласы мен Алматы облысындағы пенитенциарлық мекемелердегі адам құқығы сақталуының жағдайына зерттеу жүргізу. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жалпы ізгілендіру үрдісіне бағытталған мұндай сапарлар нәтижесінде қоғамдық ұйымдардың рөлі артады, сондай-ақ құқық қорғаушылар мен қоғам үшін де қылмыстық-атқару жүйесінің ашықтық негізін күшейтеді, деп атап өтті Г.Асқарова. Сапар барысында кезінде облыстық бақылау комиссиясының төрайымы тергеу абақтысының аумағын аралады, сотталғандар мен тергеу қамауында отырғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жұмыс күнінің қорытындысында А.Жанәбілова мекеме қызметкерлерімен ақпараттық сағат өткізді, онда ізгілендіру және бас бостандығынан айрылғандардың адам құқын сақтау жөнінде әңгіме қозғады. Сондай-ақ кездесуде «Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенция» тақырыбына арналған бейнероликтер көрсетілді.
Соңғы жаңалықтар