Облыстық мәслихаттың депутаттары Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне Б.Сапарбаевтың кандидатурасын қолдады

ӨСКЕМЕН. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Бүгін Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының ХІІ кезектен тыс сессиясында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов депутаттардың қарауына Бердібек Сапарбаевтың кандидатурасын аймақ әкімінің қызметіне ұсынып,
None
None
бұл ұсынысты депутаттар қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Дәл қазір өтіп жатқан облыс активінде Үкімет басшысы Шығыс Қазақстанның жаңа әкімін таныстырады. Жиналысқа ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин қатысты. Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылғы мамырдың 7-сінен бері өңірді Әбілғазы Бергенев басқарып келді. Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев 2007 жылдың тамыз айынан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет етті.
Соңғы жаңалықтар