Облыстық мәслихаттың депутаты тарбағатайлықтарға материалдық қолдау көрсетті
Аудан тұрғындары ұшыраған жағдай туралы естіген және облыс әкімі мен Семей әкімінің шығысқазақстандықтарға жасаған үндеулеріне қолдау білдірген облыстық мәслихат депутаты, «Ыбыраев+К» өндірістік кооперативінің төрағасы Ғаббас Ыбыраев өз қалтасынан тарбағатайлықтарға 3 миллионға жуық теңге соманың материалдық көмегін көрсетті.
Өз басшысының игі бастамасына қолдау білдірген кооператив қызметкерлері Ақсуат аудан орталығына гуманитарлық көмек: 300 қап ұн мен макарон өнімдерін, 200 қап қант, 300 литр өсімдік майын және ересектер мен балаларға арнап жүз-жүзден жылы күртелер жөнелтті.
«Табиғаттың қиын сынағына ұшырап отырған аймақ тұрғындарына шама-шарқымыз келгенше қолдау көрсетеміз», деді Ғ.Ыбыраев мырза тарбағатайлықтарға гуманитарлық көмек жөнелтіп тұрып.