Облыстық прокуратурада қоғамды дүрліктірген қылмыстық істер бойынша брифинг өткізілді -Маңғыстау

АҚТАУ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Маңғыстау облысының прокуратурасында қоғамдық жаңғырық тудырған қылмыстық істер бойынша брифинг өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемесіне сүйене отырып.

Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы М.Жақаев жуырда сотта қаралған істер жөнінде журналистерге ақпарат берді.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында сотта Ә.Әлденовке қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол Маңғыстау ауданының Тастөбе елді мекенінде өзінің 4 жасар баласын бауыздаған. Сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысымен осы тұлғаның есі дұрыс емес күйінде қылмыс жасағаны және емделуге жататыны белгілі болған.

Сот (16.04.2010 ж). қаулысымен Әлденов қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, оған психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шара тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс жасағандары үшін жер инспекциясы қызметкерлеріне және жол полициясы қызметкеріне қатысты қылмыстық істер бойынша (30.04. және 6.05.2010 ж.) Маңғыстау ауданаралық сотымен айыптау үкімдері шыққаны туралы да айтылды.

Сонымен бірге, жаңа жылды қарсы алу түні коттедж үйінде болған атыс салдарынан жас жігіттің қаза болуымен бірге үш тұлғаның ауыр жарақаттар алу деректері бойынша және жас қызды (1.01.2010 ж.) Ақтау қаласы маңайында өлтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істер бойынша БАҚ өкілдеріне қысқаша ақпарат берілді. Қазіргі кезде облыс прокуратурасы осы істерді сотқа негізінен қарау үшін жолдады.

Брифингтің соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Соңғы жаңалықтар