Облыстық жастар орталығы «Менің таза аулам» атты акция өткізді - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -Облыстық жастар орталығы қауым­дастығы өзі құрылғалы бергі төрт жыл көлемінде көптеген әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып келеді.
None
None

Солардың бірі - «Облыс жастарына экологиялық тәрбие беру» жобасы. Орталық осы жоба аясында «Менің таза аулам» атты тазалық акциясын өткізді. Акция барысында жастар ұйымда­рының өкілдері өз замандас­тары­ның бойына салауатты өмір салтын қалып­тас­тыруды, қоршаған орта­ның тазалығын сақтауды көздеді.

Шараға қатысушылардың қа­ла ішінде көркейту, көгал­дандыру жұмыс­тары үзіліссіз жүргізілгенде ғана қаланың жасыл желекке орай­тынына, таза мекенге айналаты­нына көздері жетті. Сөйтіп, олар жастарды пат­риоттыққа, отансүй­гіштікке, қоршаған ортаны аялауға шақырудың бір ұштығы осында жатқанын түйсінді.

Соңғы жаңалықтар