08:00, 15 Мамыр 2009 | GMT +5
Облыстың прокуратура қызметкерлеріне атыраулық азаматша алғыс хат жолдады
АҚТАУ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстау облысының прокуратурасына Атырау қаласының тұрғыны У.Сүгірәлиева алғыс хат жолдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Хатта Сүгірәлиева 2008 жылдың жаз айларында Жаңаөзен қаласына жұмыс бабымен барған кезде өзін Қарақалпастан азаматының ұрып-соғып, тонап кеткенін, осы оқиға бойынша қалалық Ішкі істер бөліміне арыз жазғанын баяндаған. Соның нәтижесінде Қарақалпақстан Республикасына қашып кеткен қылмыскерді ұстап, оны заң алдында жауапқа тартуда қызметтік міндеттерін абыроймен атқарған полиция қызметкері Қ.Еламановқа және айыпталушы А. Алаховтың жасаған қылмысын тергеу барысында дәлелденіп, сотта тиісті жазасын алуына прокурорлық қадағалау жасап, кәсіби шеберлігін танытқан Жаңаөзен қаласы прокурорының орынбасары Б.Шағыровқа, Маңғыстау облысының прокурорларына алғысын жеткізген. Сонымен қатар хат иесі: «Қылмыскерлерді әшкерелеп отыратын құқық қорғау органдарының осындай азаматтары көп болса, халқымыз тыныш өмір сүрер еді», - деп тілек білдірген.