«Одақ-2009-Қазақстан» ІІІ халықаралық жиынында Ногин қаласының кадетшілері көш бастауда

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Онкүндік жиынның алғашқы кезеңінде жастар әскери-қолданбалы спорт түрлері - әскериленген кросс, пейнтбол, пышақ лақтыру, сүңгілермен сайысу, пневматикалық мылтықпен ату, тау дайындығы, әскери-медициналық дайындық бойынша күш сынасуда. Әзірге Ресейдің Ярославль кадетшілері екінші, Қазақстан атынан сынға түсіп отырған Степногор қаласының «Сұңқары» үшінші орында. Іс-шара аясында жиынға қатысушы мемлекеттердің жастары арасындағы достық, бірлік қатынасты нығайту, оларға ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен дінін құрметтеу рухында тәрбие беру,салауатты өмір салтын қалыптастыру, ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің мәдени-тарихи дәстүрлері мен әскери өнерін насихаттауға, Отан қорғаушылардың мәртебесін көтеруге ерекше ден қойылып отыр. Сондықтан белгіленген кестеге орай Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Қазақстан күндері өткізіліп, әр елдің Жалауы желбіреп, Әнұрандары орындалды. Ұлттық киім үлгілері, дастархан мәзірлері, әскери ойындары, басқа да салт-дәстүрлері көпшілік назарына ұсынылып, қазылар алқасынан әділ бағасын алуда.