14:03, 19 Ақпан 2013 | GMT +5
«Одноклассники» әлеуметтік желісі қазақ тілінде қолжетімді болады
АЛМАТЫ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін «Одноклассники» әлеуметтік желісін жергілікті ету бойынша үлкен жоба іске қосылады және

бұл жай ғана аударма емес, деп мәлімдеді бүгін Алматыда аталмыш желіні мемлекеттік тілге аударуға арналған баспасөз мәслихатында желінің PR-директоры Мария Лапук.
«Жоба жергілікті мерекелер мен жаңалықтарды, елде танымал музыкалық контентті және жарнаманы қамтиды. Біз сондай-ақ ана тілінде қолдау көрсету қызметін іске қосуды жоспарлаудамыз», - деп қосты М.Лапук.
«Одноклассники» желісін жергілікті ету екі кезеңмен өтеді: оның қазақ тіліндегі мобильдік нұсқасы мен мобильдік операциялық тұғырнамалар үшін қосымшалары бүгінде қолжетімді, ал жақын уақытта әлеуметтік желінің негізгі сайты да толық аударылады.