«OKAN Holding» Оңтүстікте жұмыс істеуге ынталы

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев түркиялық «OKAN Holding» компаниясының президенті Бекир Оканмен кездесті. Өңір басшысы мәртебелі меймандарды Оңтүстіктің даму мүмкіндіктерімен таныстырды.
None
None

«OKAN Holding» - түрлі салада қызмет етіп келе жатқан үздік шетелдік компаниялардың бірі. Аталған холдинг зерттеу қызметі, құрылыс саласы, инвестиция бағыттарымен қатар білім, спорт, мәдениет салаларында да жемісті еңбек етіп келеді. Еліміздің ірі қалаларында құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Астана қаласындағы халықаралық стандартқа сай қонақүй құрылысын 2 жылда аяқтаған. Сонымен қатар, фабрика, тұрғын үйлер және ойын-сауық орталықтарын салумен айналысады.



Оңтүстікте түрлі бағыттарда жұмыс істеуге қызығушылық білдірген холдинг пен ОҚО әкімдігі арасында құрылыс және білім салаларына қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Соңғы жаңалықтар