ОҚО әкімі мемлекеттік қызметшілерді марапаттады (ФОТО)

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, Елбасымыздың салиқалы саясатын жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілердің қосқан үлесі зор. Қазір біз, кадрлық саясат бағытында тың өзгерістерді енгізіп жатырмыз. Кадр таңдауда басты үш қағидатқа сүйенетін боламыз. Олар - отансүйгіштік, кәсібилік және адамгершілік. Осы үш қағидат бойынан табылатын үміткерлер «мемлекеттік қызметші» деген мәртебеге ие болып, қызметте жоғарылай алатын болады», - деді аймақ басшысы.
Мерекелік шара барысында бірқатар үздік мемлекеттік қызметшілер «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, облыстық мәслихат хатшысының, Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының Алғыс хатымен және Грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, ОҚО Кәсіподақ комитетінің «Еңбек озаты» төсбелгісімен наградталды.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 15 ұлт пен ұлыстың өкілдерінен құралған 8730 азамат мемлекеттік қызметші ретінде жұмыс істейді. Олардың 30 пайызын әйел азаматтары құрайды.