ОҚО әкімі Ресей Президентінің «Достық» орденімен марапатталды

Сапар аясында Елші облыс орталығында ашылған теннис корты мен «Оңтүстік Цирк» мекемелерімен танысты, «Шәмші әлемі» гүлзарында болып, Орталық саябақтағы бауырластар зиратында жерленген жауынгерлердің рухына тағзым етті.
Бұдан бөлек, Елші облыс әкімдігінде болып, өңір басшысы Асқар Мырзахметовпен кездескен болатын. Онда ОҚО әкіміне Ресей Федерациясының Президенті В. Путиннің атынан «Достық» орденін табыс етілді. Өңір басшысы бауырлас елдің мемлекеттік наградасымен екі ел арасындағы мәдени-экономикалық байланыстарды нығайтып, көпұлтты өңірімізде достық пен өзара келісімнің орнығуына сіңірген еңбегі үшін марапатталып отыр.
«Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшілігі облыс әкімдігінің Ұлы Жеңістің 65 жылдығын атап өту кезіндегі бастамаларын жоғары бағалады. 2010 жылы Шымкент қаласында салынған Даңқ мемориалы туыстас екі елдің ортақ тарихын паш етіп, достық қарым-қатынасын бекемдей түсті», - делінген баспасөз баянында.