ОҚО әкімі Сайрам ауданы базарындағы ретсіз сауда мəселесін тез арада шешуді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО әкімі Б.Атамқұлов жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болып, бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлады өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Сапар барысында ол облыс үшін транспорттық маңызы бар "Манкент" темір жол бекетіне барып, ондағы жағдайды бақылады. Ол жердің тыныс-тіршілігімен танысқан облыс әкімі мұнда келуші халыққа жағдай жасалмағанын айтып, стратегиялық маңызды нысанды ретке келтіруді тиісті сала басшыларына тапсырды. Темір жол бекітінде халықпен сөйлесіп, өтініштерін тыңдады.

Сонымен қатар, ауданға жасаған жұмыс сапары барысында аудандағы орталық базар бірінші басшының назарынан тыс қалған жоқ. Аталған базарда ретсіз сауда мəселесі бар екенін жəне санитарлық талаптарға сай еместігін айта кету керек. Сондай-ақ, базарға келушілер үшін автотұрақ қажеттілігі айтылды. Аталған проблемалармен таныс болған өңір басшысы қысқа мерзім ішінде мәселені тиісті деңгейде шешіп, ретсіз сауда қатарының саудагерлеріне Ақсу базарынан орын беруді тапсырды.

Сапар соңында облыс басшысы іргетасы 1932 жылы қаланған саманнан соғылған, бүгінде апатты жағдайда тұрған №11 Манкент мектебін аралады. 1215 оқушыға шақталқан өзбек мектебінің құрылысына 678 млн. теңге қаржы керек. Үш ауысымда білім беретін білім ошағының мәселесін шешу үшін өңір басшысы бастапқы қаржыны аудандық бюджеттен бөлуді тапсырып, қалған ақшаны кейіннен облыстық бюджеттен бөлуді жүктеді.

 

Соңғы жаңалықтар