ОҚО әкімі жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов Шымкенттегі облыстық орталық мешітте болып, айт намазына жиылған жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Өңір басшысы Рамазан айы - Жаратқан Иемізге құлшылық жасау, сабыр, өзара мейірім мен қайырымдылық арқылы рухани тазару айы екенін атап өтті. Осынау қасиетті айдың аяқталуына орай аталып өтілетін айт мерекесі халқымыз үшін діни ғұрып ғана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам. ‒ Ораза айт мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. Рамазан айында және айт мерекесінде елдің ынтымағы мен бірлігі үшін жасаған дұғаларымыз қабыл болсын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін, - деді А.Мырзахметов. ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі - Ораза айт мейрамын көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу игі дәстүрге айналғанын айтып, аймақтағы 800-ге жуық мешітте айт намазы оқылғанын жеткізді. Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке болып саналатыны атап өтіп, келесі Рамазан айына есен-амандықта жетіп, жүздесуімізге ниеттестік білдірді

Соңғы жаңалықтар