ОҚО: Асқар Сүлейменовке арналған ескерткіш жазушының туған жерінде ашылды

Ескерткіш жазушының жақын адамдарының қайырымдылық қаражатына оның атындағы мектеп алдына орнатылды. Ескерткіштің ашылуына А.Сүлейменовтың туыстары, достары, пікірлестері, ауданның зиялылары жиналды. Жазушының туған жерінде оның есіміне аса құрметпен қарайтынын айта кету керек. «Бұл ескерткіш біздің жастарымызды Асқар Сүлейменовтің әдебиетте жеткен шыңдарына жетелейтін ынталандырма болсын», - деді жазушыны жақын таныған Шолақ қорған ауылының тұрғыны Карл Исаев.
Өткен ғасырдың ортасында жазушы-модернші Асқар Сүлейменов өз шығармашылығымен замандастарына үлкен әсер етті. Оның әдебиеті бостандыққа, тарихи тамырларды, ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтап қалуға шақырды. А.Сүлейменовтың қалдырған мұрасында көптеген аудармалар бар. Оның еңбектерінің арқасында қазақтілді оқырмандар Эрнест Хемингуэй, Михаил Булгаков, Бертольд Брехт шығармаларымен таныса алды.