ОҚО: «Бәйдібек би» анимациялық фильмінің түсаукесері өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында "Бәйдібек би" анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. Жаңа анимациялық туынды көпшілікке  ауданның 90 жылдығы мен « Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай көрсетілді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында дайындалған фильмнің тұсаукесер рәсімі  Шаян ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңында өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Бақыт Танагөзов пен "САҚ" киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев, аудандағы мәслихат депутаттары мен ардагерлер кеңесінің мүшелері, мәдениет қызметкерлері мен мектеп оқушылары және балабақша бүлдіршіндері қатысты. Шара барысында киностудия басшысы аудан әкіміне «Бәйдібек би» анимациялық фильмінің 90 күйтабағын салтанатты түрде табыс етті. Сөйтіп жаңа фильмнің алғашқы көрсетілімін  жас көрермендер алаңдағы лэд экраннан тамашалады. Фильмнің желісі Бәйдібек баба тарихын негізге ала отырып өрбиді. Идея авторы ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді  кейінгі жас ұрпақтар бойына сіңіріп, өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеуді көздеген. Анимациялық мультфильмге жергілікті бюджет есебінен 13 млн 800 мың теңге қаржы қаралып отыр.

Мерекелік басқосу барысында «Сәлем саған - Астана» шеруі ұйымдастырылып, ұлттық киім киген 5000 оқушы аудан орталығындағы көшелермен жүріп өтті. Сонымен қатар, алаңда суретшілер байқауы мен спорттық ойын  түрлері ұйымдастырылды.

null null 

Соңғы жаңалықтар