ОҚО-да 100-ші рет бүйрек алмастыру операциясы сәтті өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер 100-ші рет бүйрек алмастыру операциясын жасады. Бірнеше сағатқа созылған отаның мамандар сәтті өткенін жеткізді. Бұл туралы дәрігерлер БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жалпы бүйрек трансплантациясы Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында 2013 жылдан бастап жасалуда. «Қазір емдеу мекемесінде жергілікті тұрғындармен қатар шетелдік азаматтарға да ішкі органдарын ауыстыру отасы жасалынады. Ал, мұндай операцияның құны 4 млн теңгедей тұрады. Еліміздің азаматтары үшін квота арқылы тегін жасау қарастырылған. Қазір осындай операцияны жасатуға шетелдік азаматтар да қызығушылық танытып отыр», - дейді сала мамандары

«Германия, Канада, Израйль, Румыния елдерінен де науқастар келіп ем қабылдауда. Олар мұндай операцияға қолайлы климат, білікті мамандардың қызметі және бағаның қолжетімділігі болғандықтан келіп отыр», - дейді трансплантолог Абылай Донбай.

Аталған аурухананың дәрігерлері сондай-ақ 15 рет бауыр трансплантациясын өткізгенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде өңірде 700-ге тарта науқас бүйрек жетіспеушілігімен, 500 адам бауыр жеткіліксіздігімен кезекте тұр. 

Соңғы жаңалықтар