09:11, 30 Желтоқсан 2013 | GMT +5
ОҚО-да 15 жасар бала газдан уланып, көз жұмды
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Қоңыртөбе кентінде қатты отынмен жылытатын пештен ақау шығып, екі адам газ иісінен уланып қалды.

Салдарынан 15 жасар бала оқиға орнында мерт болды, 39 жасар әйел ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.