12:27, 03 Қазан 2012 | GMT +5
ОҚО-да 2 мыңға жуық бала жүрек сырқаттарымен ауырады
ШЫМКЕНТ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні 15 жасқа дейінгі 1811 жасөспірім, соның ішінде 1 жасқа толмаған 470 сәби кардиологтардың есебінде тұр.

Олардың барлығы туа біткен жүрек ақауларына шалдыққан. ОҚО денсаулық сақтау депарменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жыл сайы 480-ге жуық бала туа біткен жүрек ақауларымен дүниеге келеді, олардың басым дені жедел отаға зәру.
Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстанның дәрігерлері күрделі оталарды жасай алады, мамандар Польша мен Израильдің, Ресейдің (Новосібір) емханаларында оқып қайтты. 2011-2012 жылдары облыста туа біткен жүрек патологияларын түзеу бойынша 17 ота жасалды.
Жылдың соңына дейін асқынған жүрек ақауы бар шамамен 60-70 балаға және салмағы 10 келіден аз балаларға оталар жасау жоспарлануда.