ОҚО-да 2 мыңнан астам гектар аумақта далалы алқап өртке оранды

АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 2 мыңнан астам гектар аумақта далалы алқап өртке оранды. Тілсіз жауды 11 сағаттан кейін ауыздықтау мүмкін болды.
None
None

ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, өрт маусымның 29-ы күні 11 сағат 13 минутта Бәйдібек ауданы Ағыбет тұрғын кентінің аумағынан шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

От Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ерікті өрт құрылымдарының 100-ден астам адамы және 6 техниканың күшімен сөндірілді.

Сондай-ақ дүйсенбі күні, осы Бәйдібек ауданына қарасты Қызылжар тұрғын кенті мен Ордабасы ауданындағы Берген кентінде сәйкесінше 80 және 50 гектар аумақта далалы аумақтар жанды. Абырой болғанда адам шығын мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар