20:25, 16 Қазан 2013 | GMT +5
ОҚО-да 3 жасар баланың өліміне кінәлі болған оташыға қатысты қылмыстық іс қозғалды
ШЫМКЕНТ. 16 қазан. ҚазАқпарат - ОҚО-да 3 жасар баланың өліміне себепші болған оташыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Отырар аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, аудандық емхананың оташы дәрігері өзінің кәсіби міндетін тиісті деңгейде орындамауы салдарынан бала көз жұмды. Іс мәліметтері бойынша, «жедел жәрдем» көлігі 3 жасар баланы Отырар ауданы емханасына «тыныс алу жолдарындағы бөтен зат» диагнозымен жеткізген.
Алайда, дәрігер науқас балаға немқұрайлы қарайды. Сөйтіп, оташы ҚР ҚК 114-бабы бойынша қылмыс жасаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеу деңгейінде.