ОҚО-да 300 тонна шөп өртенді

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бәйдібек ауданында 9 қазан күні сағат 13:13-те бауланған шөп отқа оранды.
None
None

Өрт сағат 16:00-де ауыздықталып, 18:25-те толық сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын 300 тонна байланған шөпті жойып жіберді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар