ОҚО-да 7,4 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 7 млрд 411 млн теңгеге мүлік заңдастырылды.
None
None

Брифингте облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Исмаилбек Шалабаев хабарлағандай, барлығы сомасы 14 млрд 383 млн теңгеге 1464 өтініш келіп түсті, олардың тек бір бөлігі ғана мақұлданды.

«Облыс тұрғындарынан комиссияға 14 млрд 383 млн теңгеге 1464 өтініш түсті. Олардың 70,1 пайызы жылжымайтын мүлік, яғни 7 млрд 411 млн теңге сомасында 1026 өтініш заңдастырылды. Әңгіме ҚР аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті, бағалы қағаздар мен заңды тұлғалар жарғылық қорының үлестерін жария ету туралы екенін атап өткен жөн. Осы бағытта облыс ел бойынша 6-шы орында», - деп қаржы басқармасы бастығының орынбасарының сөзін келтіреді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. Екінші бағыт - салық органдарының көмегімен ҚР аумағында орналаспаған жылжымайтын мүлікті, бағалы қағаздар мен заңды тұлғалар жарғылық қорының үлестерін жария ету бойынша ОҚО тұрғындарынан 8 өтініш түсті. Жарғылық қор үлесі сомасы 5838,2 мың теңгеге заңдастырылды. Үшінші бағыт - ақшаны заңдастыру. Ұлттық банктің деректері бойынша, екінші деңгейлі банктерде 9 жинақ есепшоты ашылды, оған 516,5 млн теңге түсті. Бұдан басқа, И.Шалабаев бюджетке салық және басқа да аударымдар бойынша жоспар 115,6 пайызға орындалғанын мәлімдеді. Биыл бюджет қаражаты шамамен 97,7 пайызға игерілді. Бұл 227,8 млрд теңге. Өткен жылмен салыстырғанда, игеру 4,1 млрд теңгеге ұлғайды.

Соңғы жаңалықтар