ОҚО-да АХАТ-тар әкімдіктердің қарауына берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша аймақтық бөлімшелерінің қызметі енді жергілікті атқарушы органдардың қарауына берілді, деп жазады жергілікті БАҚ.

Бұл өтпелі кезең жұртшылыққа проблемалар туындатпау керек. Бұл туралы АХАТ-тарды әкімдіктердің қарауына беру мәселелеріне арналған жиналыс барысында облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков айтып өтті.

Әділет департаменті бөлімінің бастығы Д.Ботанның хабарлауынша, енді әкімдіктер азаматтық хал актілерін жеті бағыт бойынша тіркейді. Туу, қайтыс болу, некені бұзу туралы куәліктерді Халыққа қызмет ету орталықтарынан алуға болады. Азаматтар өтініштерін әкімдіктен де тікелей бере алады.

С.Қаныбеков қала және аудан әкімдіктері аппараттарының жетекшілеріне АХАТ-тарды әкімдіктерге тапсыру ісі аяқталған Атырау және Ақтөбе облыстарының тәжірибесімен танысуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар