ОҚО-да алма бақтары аумағын 4 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Алма ОҚО Түлкібас ауданының брендіне айналмақ.
None
None

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде хабарлағандай, алма бағы алаңын ұлғайту үшін 2015 жылы 725 га алма ағашы егіліп, жалпы алаңы 2791 гектарды құрады. «Максимум» ӨИО бөлген қаражат табысы төмен 50 жас отбасыға беріледі деп жоспарланып отыр. Осыған байланысты бақша алаңын 4 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда. Жобаны іске асыруға польшалық инвесторлар көмектеспек ниетте. Олар ағаш егуге жәрдемдесіп, аудан аумағына сауда-логистикалық орталық құрады.

Барлық жоспарларды сәтті іске асырған жағдайда, Түлкібас ауданы алма бағының отанына айналады. Бұл алмамен ОҚО базарын ғана емес, басқа өңірлерді де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа ауданда 9 қойма, ал ҮИИД бағдарламасы аясында жеміс-жидек концентраттары мен табиғи сусындар шығаратын 3 кәсіпорын салынды.

Баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес 2015 жылы өңдеуші өнеркәсіптен табыс 37 млрд 852 млн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 103,7 пайызға артық. Өнеркәсіптік өндірістен пайда 756 млн теңгені құрады, бұл да 2014 жылғы көрсеткіштен көп.

Соңғы жаңалықтар