ОҚО-да алты айда бюджет қаржысы 97,7%-ға игерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс бойынша биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке 95,6 млрд.теңге түсті деп хабарлады «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте облыстық қаржы барқармасы басшысының орынбасары И.Шалабаев. Оның ішінде жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 115,6 пайызға орындалған.
None
None

Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бюджетке 8,6 млрд. теңге қаржы көп түскенін немесе 22,9%-ға өскенін көрсетіп отыр деді И.Шалабаев. Есепті кезеңде жергілікті бюджеттің кірістер жоспары барлық аудан, қалалар бойынша асыра орындалса, бюджеттің шығыстар бөлігін орындау жөніндегі көрсеткіштердің де жылдан-жылға сапасының жақсарып келетіндігін айтты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Ал ағымдағы жылдың 6 айында 227,8 млрд.теңге бюджет қаржысы игеріліп, жоспарланған меже 97,7%-ға орындалған. Өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда игерілген бюджет қаржысы 4,1 млрд.теңгеге артып отыр. Былтыр облыс бойынша бюджет қаржысы 99,8%-ға игеріліп, облыс республикада көш бастаған. Мұндай нәтижеге «Бюджет заңнамасының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» облыс әкімдігінің 2010 жылы 30 желтоқсанда қаулысы (Регламент) қабылданып, тұрақты түрде мониторинг жүргізудің арқасында қол жеткізіліп отыр деді басқарма басшысының орынбасары. Сонымен қатар облыста мүлікті жария ету бойынша жұмыстар үш бағытта іске асырылуда. Бірінші бағыт ол ҚР аумағында орналасқан жылжымайтын мүліктерді, құнды қағаздар мен заңды тұлғаның жарғылық қорындағы үлесін жария ету. 2015 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша облыс тұрғындарынан облыстың аудандық, қалалық әкімдіктері жанынан құрылған комиссияларға 14 млрд. 383 млн. теңге құрайтын 1 464 өтініш түскен. Оның 1026 өтініш бойынша (70,1%) құны 7 млрд. 411 млн. теңге құрайтын мүліктер заңдастырылған. Бұл бағыт бойынша республикада алтыншы орындамыз. Екінші бағыт бұл салық органдары арқылы ҚР аумағынан тыс жерде орналасқан мүліктерді, құнды қағаздар мен заңды тұлғаның жарғылық қорындағы үлесін жария ету. Бүгінге дейін облыс тұрғындарының 8 өтініштер келіп, құны 5838,2 мың теңгені құрайтын жарғылық қорындағы үлесі жария етілді. Ал үшінші бағыт, бұл азаматтар ақшаны жария ету үшін екінші деңгейдегі банктер мен поштаның Ұлттық операторларына өтініш береді. Ағымдағы жылдың 1 маусымдағы жағдайға Ұлттық банктің берген мәліметі бойынша біздің облыстағы екінші деңгейдегі банктерде 9 жинақ шоттары ашылып оларға 516,5 млн. теңге түскен.

Соңғы жаңалықтар