ОҚО-да арзандатылған жанармайды тасымалдаушы операторлар анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары үшін 38 мың тонна арзандатылған жанармай бөлінді. Оның 14,9 мың тоннасы наурыз айына, 12,3 мың тоннасы сәуір айына, 11,3 мың тонна мамыр айына берілді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Күнгейдің шаруалары қажетті жанар-жағармайды аудандардағы белгіленген тасымалдаушы операторлардан ала алады. Атап айтқанда, Арыс қаласына көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге жанармай тасымалдаушы оператор болып «НұрАсуЮг» ЖШС, Бәйдібек ауданына «Майсс» ЖШС, Қазығұрт ауданына «Oskar Oil company» ЖШС және «STANDARD Oil Petreum» ЖШС, Мақтарал ауданына «ОРК Саби» ЖШС және ЖК «Ауезов», Ордабасы ауданына «ИКСАН» ЖШС, Отырар ауданына «Center Oil Corporation» ЖШС, Сайрам ауданына «SAYRAN group» ЖШС, Сарыағаш ауданына «Жан Ойл Продакс» ЖШС, Созақ ауданына «Бибо $ company » ЖШС, Төлеби ауданына «Ұлы-Орда» ЖШС-лары қызмет етсе, Түлкібас ауданына «SANALI» group ЖШС, Шардара ауданына ЖК «Жұмабек», Түркістан қаласына «Мунай Инвестмент Груп» АҚ, Шымкен қаласына «ШымкенМұнайӨнімдері» АҚ, Кентау қаласына «Универсал РК» ЖШС бекітілді.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне (АШТӨ) жанармайдың шекті бағасы, яғни ауданда орналасқан жанармай бекетінен алған жағдайда 85 теңге болып белгіленді.
Егер АШТӨ жанармайды қоймадан тікелей алатын болса Одабасы, Арыс, Бәйдібек, Қазығұрт, Отырар, Сайрам, Созақ, Төлеби, Түрлкібас, Шардара аудандары 83 теңгеден, Мақтарал, Сарыағаш аудандары 83,5 теңгеден, Шымкент қаласы 82 теңгеден, Түркістан қаласы 84 теңгеден босатады. Қазіргі таңда наурыз айына бөлінген 14,9 мың тонна жанармайдың 311 тоннасы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне босатылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram