18:09, 04 Қазан 2012 | GMT +5
ОҚО-да ауыл тұрғындарын банкоматтардың көмегімен алдаған алаяқ ұсталды
ШЫМКЕНТ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Түркістанның жас тұрғыны алаяқтық жасауда күдіктелуде.

Полиция қызметкерлері қылмыс схемасымен танысты. ОҚО-ның тұрғыны жаңалыққа үйрене қоймаған ауыл тұрғындарына банкоматтардан қаржыны қолма-қол ақшаны айналдыруда өз көмегін ұсынған. Жас жігіт адамдарға банкоматтың істемейтінін айтып, одан кейін олардың шоттарынан ақша алған. Тәртіп сақшылары үстінен бірнеше шағым келіп түскен алаяқты ұстады. Оған бейнебақылау таспалары көмектесті. Ұсталған азамат әзірше 7 қылмысты жасауда күдіктелуде. Қылмыстық іс қозғалды.