20:08, 05 Наурыз 2013 | GMT +5
ОҚО-да ауылдастарына оқ жаудырған қаскөйдің қолынан қаза тапқан адамдар саны төртеуге жетті
ШЫМКЕНТ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда Түлкібас ауданы тұрғынының қолынан тағы бір жәбірленуші ажал құшты.

Естеріңізге сала кетейік, 43 жастағы ер адам ауылдастарын атып тастап, кейін өз-өзіне қол салды. Сұм оқиғаның салдарынан 4 адам қаза болды. Тағы да бір жәбірленуші қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалауда.
Б. Қасабаевтың қолынан 12 жастағы жасөспірім, 19 және 23 жастағы жігіттер - бір отбасы мүшелері өлім тапты. Оқиғаға куәгер болған 53 жастағы зейнеткер де құрбан болды.