13:54, 02 Сәуір 2015 | GMT +5
ОҚО-да ауылдық округтің әкімі пара бергені үшін сотталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, ОҚО Төлеби ауданындағы Қоғалы округінің әкімі 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Қылмыстық істің материалдары бойынша, ол аудандық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының аға офицеріне пара бермекші болған. Ауыл әкімі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін құрылған қылмыстық іс бойынша оң нәтижеге 300 мың теңге беріп қол жеткізбекші болды. Шенеунік ақшаны беру үстінде ұсталды. Енді ол колонияда екі жылға бас бостандығынан айырылылды. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.