ОҚО-да айтыскер ақындар орталығы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкенттегі «Түркістан сарайының» жанынан айтыскер ақындар орталығы ашылды. Орталықтың жұмысын бастауына орай республикаға танымал оңтүстіктің бетке ұстар ақындары Біржан Байтуов, Бекмұрат Анарбай, Нұрлан Есенқұлов, Қажымұхан Абзалов және өзге де өнер иелері дөңгелек үстел басында бас қосты.
None
None

Ақындық өнердің ұмыт бола бастаған түрлерін жандандырып, жас ақындарды анықтау, олардың өлеңдерін насихаттау және шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында ашылған орталықтың алдағы міндеттері жайлы сөз бастаған «Түркістан» сарайының директоры К.Айдарбекова жас ақындардың сөз саптауын, әдебиетіміз бен тарихымызды терең зерттеп, ел алдында ашық ойын айта білетін деңгейге жеткізу қажеттігін түсіндірді.  

Ақындар - Қажымұхан Абзалов пен Біржан Байтуов аптаның әр сейсенбі күні осы орталықта кездесіп, жұмыс атқаратындарын мәлімдеді. Сондай-ақ, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай «Түркістан» сарайында  ақындар айтысын ұйымдастыруды және сол айтысқа ақындар орталығында  дайындық жұмыстарының  жүргізетінін айтты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.  

Айтыс - ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс - синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.

 

Соңғы жаңалықтар