18:20, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
ОҚО-да балықшы үш метрлік жайын балықты ұстады (ФОТО)
ШЫМКЕНТ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда балықшы ұзындығы 3 метр болатын балық аулады. Бақтияр Толуметов осындай балықты аулауды 20 жыл бойы армандап жүргенін айтады.

Бақтиярдың болжамы бойынша, балықтың салмағы 150-160 келіні құрайды.
Балықшының сөзіне қарағанда, ол бастапқыда ақбалықты ұстаған, кейін оны жайын аулап алуға пайдаланған. Бұл ретте оның бірден жолы болды. Бақтиярдың айтуынша, оның көршілері «алып» балықты аулағанына сенбеген. «Үлкен олжаны» өз көздерімен көргенде олардың таңданыстарында шек болмапты.