ОҚО-да Бәйдібек ауданына жаңа әкім тағайындалды
Аудан активіне аймақтың жаңа басшысын облыс әкімі А.Мырзахметов таныстырды, деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.
Батырбек Көшербай 1967 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы - экономист-бухгалтер, заңгер.
Еңбек жолын 1985 жылы Ленгер ауданы Георгиевка шаруашылық есептегі дүкеннің бухгалтерінен бастаған. 1988-2011 жылдары Ленгер ауданы Георгиевка ауылдық тұтыну қоғамының бухгалтері, бас бухгалтері, Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қаржы бақылау комитеті Төлеби аудандық басқармасының бас бақылаушы-ревизоры, бөлімінің бақылаушы-ревизоры, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қарасты қаржы-валюталық бақылау комитетінің Төле би аудандық бөлімі бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер және салық полициясы, Мемлекеттік тергеу Комитеті органдар қатарында қызмет, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министрлігі Төле би аудандық салық комитетінің төрағасы, ҚР Қаржы министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық салық комитетінің төрағасы, салық комитеті төрағасының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
2011 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып еңбек етті.