23:33, 07 Маусым 2016 | GMT +5
ОҚО-да Бәйдібек ауданындағы 14 анаға құрметті марапаттар тапсырылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бәйдібек ауданының әкімі Б.Көшербаев 14 анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттарын тапсырды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Мерекелік кездесу барысында аудан басшысы әйелдерді құрметті марапаттарымен құттықтады. Сонымен қатар әкім көп балалы отбасылар мен ардақты аналарға аудан басшылығы тарапынан көмек көрсетілетінін айтты.
Әйелдер атынан сөз алған «Алтын алқа» иегері А.Амангелидиева сөз сөйледі. Ол аудан басшылығына көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты.
Бүгінгі күні Бәйдібек ауданында 2598 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері тұрады. Жыл сайын 10 және одан да көп балалы отбасыларына демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілуде, ал аудан әкімдігі оларға шипажайларға жолдама бөліп келеді.