11:30, 26 Желтоқсан 2013 | GMT +5
ОҚО-да бір жасар сәби газдан уланып көз жұмды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше ел өңірлеріндегі оқыс оқиғалардан бір жасар бала мерт болып, 5 адам ауруханаға жатқызылды.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласының Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында Қаратал көшесінің бойындағы жекеменшік үйде кеше таңғы 08:34-те қатты отынмен жанатын пештен ақау шығып, иіс тиген 1 және 2 жасар балалар аураханаға жатқызылды.
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында кеше таңғы 06:45-те жекеменшік үйде табиғи газдан уланған бір жасар қыз бала мерт болды, 3 жасар қыз бала мен 24 жастағы әйел адам ауруханаға жатқызылды.
Алматы облысының Ескелді ауданы Қарабұлақ кентінде жекеменшік үйде кеше таңғы 06:30 кезінде газ жарылды. Күйік шалған 1977 жылы туған әйел адам ауруханаға жатқызылды.