ОҚО-да болған ірі жол апатында 4 адам қаза тауып, 10-ы жарақаттанды

ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ірі жол апатында 4 адам қаза тауып, тағы 10-ы жарақаттанды.
None
None

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 12 қараша күні кешқұрым, Қазығұрт ауданын басып өтетін «Алматы-Термез» автожолының 756-ыншы шақырымында «Ваз» бен «Лексус» автокөліктері соқтығысты. Салдарынан «Ваздың» 24 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы (тұлғасы анықталуда), екінші көлікте болған жаңа туған нәресте мен 1 жасар сәби оқиға орнында мерт болды. «Лексусты» басқарған 35 жастағы азамат пен оның жолаушылары: 3 жасар екі сәби, 5, 7 және 9 жасар үш бала, сондай-ақ 25, 37 және 40 жастағы үш жолаушы ауруханаға түсті.

Соңғы жаңалықтар