ОҚО-да дәрілік шөпті шекара маңынан заңсыз жинап жүрген 21 шетелдік ұсталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында, өсімдіктану ғылымында «Сасық Ферула» атанған дәрілік шөпті шекара маңынан заңсыз жинап жүрген 21 шетелдік ұсталды.
None
None

 Сарыағаш шекара отрядының (Қазақ-Өзбек шекарасы) бір топ офицерлері Сарыағаш ауданы бойынша ҰҚК аппаратымен бірлесе отырып, Көші-қон туралы заң талаптарын бұзғандығы үшін, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бозай ауылдық округының аумағынан 19 ауғанстандық, 2 өзбекстандық азаматты ұстады. Олар бейсауат адам жүруге болмайтын Мемлекеттік шекара маңында дәрілік шөптер жинаумен айналысып жүрген.

 Ұсталғандар Сарыағаш ауданы бойынша ІІМ басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды, деп  хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 

null null null null null  

Соңғы жаңалықтар