ОҚО-да ер бала әйел киімін киіп құрбысының орнына ҰБТ тапсырмақ болған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да қыз баланың орнына ҰБТ тапсырмақ болған ер бала тестілеу кезінде ұсталды.
None
None

Білім беру басқармасы бастығының орынбасары Серік Әуесханов айтқандай, тест нәтижелерін жарамсыз етуге тура келді. «Енді орнына ер бала тапсыруға келген оқушы қыз ҰБТ-ға биыл қатыса алмайды. Кешенді тестілеуден тек келесі жылы ғана өте алады», - деді ол. Бұл тосын жағдай Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында №119 мектепте орын алды. ҰБТ тапсыруға қыз оқушының орнына оны ұнататын ер бала келген. Жігіт тіпті, осы үшін елдің басқа өңірінен келген болып шықты. Қызға ұқсау үшін ол әйел киімін киген. Шашына жасанды шаш киіп, аздап боянған. Айласын асырмақ болған жас жігіт ғаламторда әйгілі болып үлгерді. Әлеуметтік желілерден оның суретін тамашалауға болады. Желі пайдаланушылары «Қазақстанда өз сезімін мұндай жолмен дәлелдеген ешкім жоқ» деп жігітті қорғау үстінде.

Соңғы жаңалықтар