ОҚО-да есепке алынбаған жарты миллион шөлмек алкоголь өнімі тәркіленді

Осыдан бұрын, қыркүйекте Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысында темір жол вагоны мен «Газель» маркалы автомашинасын анықтап, олардан «Тұтынушы» ЖШС мен «Vin Нouse» ЖШС өндірілген жалған есепке алы маркалары жапсырылған 20 мың шөлмектен астам алкоголь өнімі алды.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК 208-бабымен (Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік маркаларды және есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық істі тергеу барысында «Тұтынушы» ЖШС мен «Vin Нouse» ЖШС-нің Шымкенттегі арақ-шарап зауыттарының аумағында есептен тыс қалған алкоголь өнімін шығаруға қолданылған есепке алу приборлары орнатылмаған құрал-жабдықтар анықталды.
«Тұтынушы» ЖШС мен «Vin Нouse» ЖШС-не тиесілі арақ-шарап зауыттарының аумағында, қоймаларында, сондай-ақ дүкендері мен көтерме сауда орталықтарында жүргізілген тінтулердің нәтижесінде заңсыз айналымнан жарты миллион шөлмектен астам есепке алынбаған алкоголь өнімі алынды.
Оған қоса, барлығында бір нөмір көрсетілген әлі жапсырылмаған 49 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркасы алынды.
Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.
Басқа аймақтарда да аталған өндіруші зауыттардың есепке алынбаған өнімін анықтау және тәркілеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Қаржы полициясының баспасөз қызметінен.