ОҚО-да «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті. Облыстық прокуратура және облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес болып табылады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
None
None

Аталмыш акцияға облыстық наркологиялық диспансері, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және құқық қорғау органдары мен бірлесе «Жастар нашақорлыққа қарсы» тақырыбында өтті.

Акция Шымкент қаласының түрлі деңгейдегі көше жастарын және қала тұрғындарын тарта отырып, «Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын-алу» және «Есірткіге жол жоқ! Біз - жастар, спортты және салауатты өмір салтын таңдаймыз» ұранымен бастау алды.

Іс-шара барысында көше жастары «13 Легион» клубы, 6506 әскери бөлімінің «Жас Бүркіт» клубы, «Роллеры» вело клубы, Хип-хоп брэйк дэнс клубы, «Стрит бол» клубтарының қатысуымен патриоттық сезімдерін оята отырып, өскелең ұрпаққа тәрбие беру мақсатында спорттық және би жарыстары ұйымдастырды.

Акция қорытындысы бойынша іс-шараға қатысқан 200-ге жуық жастардың, оның ішінде өнер көрсеткен топтар тақырыптық байқаулар бойынша облыс прокуратурасының және облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар