ОҚО-да газдан уланған екі адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының Тоғыз ауылында жекеменшік тұрғын үйде оқыс оқиға орын алған.
None
None

Атап айтқанда, түнгі сағат ондар шамасында табиғи газдан уланған екі азамат: 1936 жылы туған Р.Кутальваз бен 1959 жылы туған С.Кутальваз оқиға орнында қаза тапқан.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды. Сондай-ақ Астана қаласындағы Алматы ауданының Ақбұлақ ықшамауданында жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанында кеше сағат 15.30 кезінде 6-қабаттан бір жұмысшы құлап кеткен. Оқиға жұмысшы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде болған. «Bi Group» ЖШС бетоншысы 1989 жылы туған Р.Кенжебеков түрлі жарақаттар алуы себебінен ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар