ОҚО-да ІІ халықаралық құрылыс көрмесі өтеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі «Көрме» орталығында 16-18 наурыз аралығында сағат 11:00-де «ShymkentBuild 2016». Көрмеге бүгінде нарықта қажетті саналатын тауарларды ұсынатын 40-қа жуық құрылыс компаниясы қатысады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Нақтырақ айтсақ, қатысушылардың стендерінде құрылысқа қажетті сәнді, заманауи құрылыс материалдары ұсынылатын болады. Айта кетерлігі, көрмеге бетон өндірісі үшін жабдықтарды ұсынатын «Камск бетон зауыттары» алғаш рет қатысып, Ariston Thermo S.P.A компаниясының су жылытқыштары мен газ қазандықтары, «Fleet & Equipment Solutions» компаниясының жоғары технологиялы жол және құрылыс жабдықтары қойылатын болады.

Мұнан бөлек, екі күндік шараға қатысушылар түрлі шетелдік танымал компаниялардың өнімдеріне баға беріп, оны пайдаланып көруіне мүмкіндігі болады. Көрме туралы толыққанды ақпаратты www.shymkentbuild.kz сайты арқылы алуға болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram