16:23, 12 Қараша 2013 | GMT +5
ОҚО-да Индустриаландыру картасының аясында 150 жоба жүзеге асырылуда
ШЫМКЕНТ. 12 қараша. ҚазАқпарат - ОҚО-да индустриаландыру картасының аясында 448 млрд. теңгеге 150 жоба жүзеге асырылуда.

Осы жобалардың арқасында 19 мың жаңа жұмыс ашылды, деп хабарлады кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан. 2010 жылдан 2012 жылға дейін жұмысқа 58 жоба енгізілді, 5 мыңнан артық жұмыс орны ашылды. Биылғы жылы 50 жаңа кәсіпорын ашу жоспарланып отыр, онда жаңа 4,5 мың жұмыс орны пайда болмақ. Олардың ішінде 8 жоба пайдалануға берілді.