ОҚО-да итальян компаниясы тәлімбақ салмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ басшылығы «Vitafruit» итальян компаниясының негізін қалаушымен кездесті. Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық орнату жөнінде сөз қозғап, «Қарқынды бақтар» агро-аймақ жобасына инвестиция тарту мәселелерін талқылады.
None
None

Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарқынды бақтар толықтай құрылып, бастан аяқ жүргізілгенде интенсивті алма бағын кәсіпкерлер лизингке алатын болады. Басқосу барысында «Vitafruit» итальяндық компаниясы аласа және жартылай аласа бойлы жеміс көшеттерін өсіруге арналған тұқымбақ құру бойынша бірлескен итальян-қазақстандық кәсіпорын құруды ұсынды. Көлемі 100-150 гектар алқапты құрайтын жоба бүгінгі таңда егжей-тегжейлі зерделеніп, шетелдік инвестормен келіссөздер жүргізілуде.

Айта кетейік, итальяндық «Vitafruit» фирмасы «Қарқынды бақтар» агро-аймақ жобасы үшін инфрақұрылым нысандарының құрылысын, қатарлық жүйені, тамшылатып суару жүйесін, қорғаныс торын орнатуды, өнімділігі жоғары сортты көшеттерді жеткізуді және отырғызуды жүзеге асырады. Еуропа мен одан тыс жерлерде көшет материалдарын жеткізуші ірі жабдықтаушылардың бірі болып табылатын компания қазақстандық бағбандармен де жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда, «Vitafruit» компаниясының жобалары еліміздегі «Арсенал Сад» (ОҚО Жетісай), «Қазақстан Логистик Груп» (Шымкент) және «Ынтымақ Бес Арыс» фирмаларында қолданылады. Аталған үш фирманың бау-бақша отырғызу көлемі 400 гектардан асады. Сонымен қатар, «Vitafruit» компаниясының аумағы 40 гектар болатын жеке тәлімбағы да бар.

Соңғы жаңалықтар