ОҚО-да қарақшылық шабуыл жасауға қатысушыларға ұзақ мерзімді жазаға үкім шығарылды
Сәуірде олар шымкенттік шенеуніктердің бірінің үйіне қарулы қарақшылық жасаған болатын, деп хабарлайды ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сәуірдің 7-сінде түнде бетперде киген біреулер «Қайтпас» шағын ауданындағы үйге басып кіреді. Пышақпен қаруланған олар үйдегі бес адамға: 55 жастағы ерлі-зайыптыларға, олардың 20 және 16 жастағы қыздарына және 27 жасар туысына дене жарақатын салады.
«Шабуыл жасағандар үйден ешнәрсе алып үлгермейді - көмек туралы айқайға жүгіріп шыққан көршілерден қорқады. Қылмыскерлер бой тасалап үлгереді, жарақат алғандар ауруханаға жеткізіледі. Алайда кіші қызды құтқарудың сәті түспеді, ол жансақтау бөлімінде көз жұмады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қылмыскерлер бір тәуліктен соң қолға түседі. Тергеу екі айға созылады.