ОҚО-да кәріздік жүйелерді жөндеу барысында 3 жұмыскер қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында кәріздік жүйелерді жөндеу барысында 3 жұмыскер уланып, қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Төтенше оқиға Мақтаарал ауданының Өркениет ауылында 30 мамыр күні түс кезінде орын алған. Коммуналдық шаруашылық жұмыскерлері кәріздік құдықта жөндеу жұмыстарын жүргізген. Буға уланып қалған үш жұмыскер оқиға орнында көз жұмды, тағы үш жұмыскерге медициналық көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар