ОҚО-да кәсіпкерден 1 млн АҚШ долларын бопсалаған күдікті ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерден бір миллион АҚШ долларын бопсалаған күдікті ұсталды. Ол Сайрам ауданының тұрғынынан 9 миллион теңгені қолма-қол алу барысында қолға түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Белгілі болғандай, өңірдің ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Сайрам ауданының жергілікті тұрғыны арызданған. Кәсіпкер өз арызында кәсібіне тыныштық бермей отырған азамат, бір миллион АҚШ долларын бопсалағанын көрсеткен.  Жедел іс-шаралар жүргізу барысында басқарма қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні ұстаған. Ол Сайрам ауданында тұратын кәсіпкерден қомақты ақша алып жатқан жерінде қолға түсті. Сезіктінің  үйін қарау барысында 9 дана атыс,  жарақат салатын,  пневматикалық қаруларды және мыңға жуық  әр түрлі калибрлі оқ-дәрілер тәркіленді.

 Енді сезіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің  екі бабымен «Қорқытып алу» және «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде.  Сот қаулысымен ұсталған сезікті 2 айға уақытша тергеу абақтысына қамалды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің өзге де қылмыстарға бар-жоғын анықтауда.  

Соңғы жаңалықтар